АТЫРАУДАБЕЙНЕТАСПА

Атыраулық зейнеткер алғаш рет жеке куәлік алды (+ВИДЕО)

Мұндай азаматтарды Атырау облысы ПД Көші-қон қызметі басқармасы анықтап, құжатын рәсімдеу үшін қызмет көрсетіледі.

https://youtu.be/xzo8ZPvJl30

Олардың барлығы да Қазақстан Республикасының азаматының құжаттарына ауыстылмаған азаматтар, яғни ТМД елдерінің жарамсыз құжаттарымен немесе ССРО құжаттарымен жүргендер. Олардың басым көпшілігі Қазақстан Республикасына кәмелетке толмаған жаста немесе ескі құжатпен келген.
Осыған байланысты бұл санаттағы азаматтар мемлекеттік қызметтен сондай-ақ, жәрдемақы алу құқығынан айырылған. Қазіргі уақытта құжатсыз жүрген азаматтарды анықтап, оларды ҚР азаматының немесе азаматтығы жоқ адамның құжаттарымен құжаттандыру бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Мысалы,  Жылыой ауданының 61 жастағы зейнеткері осы уақытқа дейін 1974 жылғы үлгідегі құжатпен құжаттанып, одан кейін құжаттанбаған. Осы жылдар бойы ол ескі құжатпен өмір сүріп келген. Жаңа құжаттарын көші-қон қызметкерлерінің көмегімен он бес күн ішінде рәсімдеп, тәртіп сақшыларының көмектері үшін өз ризашылығын білдірді. Аталған санаттағы азаматтарға полиция құжаттарын рәсімдеу үшін көші-қон қызметіне жүгіну керектігін ескертеді.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button