АТЫРАУДА

Атыраудың қоғамдық орындарында маскүнемдер көбейді (+ФОТО)

Атырауда қоғамдық орында мас күйде жүрген 1800-ге жуық тұлға жауапкершілікке тартылды.

9 шілде күні сағат 02:08 шамасында Атырау қаласы Полиция басқармасының 102 операторына С.Датов көшесінде орналасқан көп қабатты үйдердің  бірінде тұратын қала тұрғыны қоңырау шалып, балалар ойнайтын алаңда белгісіз ер адамдар ішімдік ішіп отырғандығы жөнінде хабарлама берген.

img 20210709 wa0107

Хабарламаны тексеру барысында, патрульдік полиция қызметкерлерімен С.Датов көшесі 29 үйдің алдында орналасқан балалар ойнайтын алаңнан ішімдік ішіп отырған төрт ер адам анықталып, медициналық куәландыру орталығына жеткізілді. Сараптаманың нәтижесімен 24, 25,26 жастағы азаматтардың орта дәрежедегі мас күйде екендігі белгілі болды.

Оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 440 бабының 1 бөлімімен әкімшілік хаттамалар толтырылып (Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) әрқайсысына 7292 теңге көлемінде айыппұлдар салынды.

img 20210709 wa0106

– Жыл басынан бері қоғамдық орында ішімдік ішкен күйде жүрген 1723 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, полицейлер арнайы орындардан тыс жерде ішімдік ішуге және масаң күйде қоғамдық орындарда адамның қадiр-қасиетiн және қоғамдық имандылыққа нұқсан келтіретін әрекетке жол беруге болмайтынын ескертеді.

Ол үшін 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл көзделген.  Ал, дәл осы құқықбұзушылық 1 жыл ішінде қайталанса, 5 тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алынуы мүмкін – деді, Атырау облысы полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиев.

img 20210709 wa0108

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button