Атырау облыстық терроризмге қарсы жедел штабы күш-құралдарының жұмылдыруымен 23-26 тамыз аралығында «Каспий-Антитерор-2021» оқу-жаттығулары өткізілмек, деп хабарлайды Атырау өңірлік коммуникациялар қызметі.
Аталған шара Тәуелсіз Мемлекеттер Ынтымақтастығы Орталығымен бірлесе ұйымдастырылып отыр. Негізгі мақсаты – облыс аумағында терроризм актілерін анықтау және жолын кесу бағытында бірлескен күш-құралдарды қолдануды пысықтау. Оқу-жаттығу кезінде қаланың жекелеген аудандарында кейбір шектеулер енгізілуі мүмкін. Бұл туралы жоғарыда аталған штаб жергілікті тұрғындар мен қонақтардың қаперіне беріп отыр.