АТЫРАУДА

Атырауда автобустар саны артпақ

Атырау қаласының автопарк автобустары 150-ден 288 бірлікке дейін көбейді.

Тұрғындар өтінішіне сай 8 жаңа бағыт ашылды.Бүгінде жолаушылар үшін қалаішілік және қаламаңындағы 30 бағыт бойынша барлығы 210 автобус қызмет көрсетуде. Тағы 78 қоғамдық көлік резервте тұр. 26 бағытта жүретін автобустарда тұрғындар тасымалына еш кедергі жоқ. Час пик уақытында да қиындық туындамайды.

Алайда соңғы кезде жолаушылар тарапынан нөмірі 2, 12, 14, 4 және 30 «а» автобустарының таңғы уақыттағы жетіспеушілігі мен жүру интервалына наразылық көп. Осы мәселені шешу мақсатында жақын арада бұл маршруттағы автобустар санын арттыру көзделді.

Қоғамдық көлік қолданушыларынан көлік ішінде медициналық бетперде тағып, арақашықтық сақтау сұралады. Тұрғындар тасымалына қатысты қандай да бір арыз-шағымдарыңызды Атырау қаласының әкімдігіне хабарлай аласыз.

«Атырау қаласының әкімдігі»

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button