Атырауда жұмыссыздар 14 мыңға жетті

by Depti
0 views

Облыстағы жұмыссыздардың саны 14 мыңға жетті, деп хабарлайды Depti.kz тілшісі caspianlife.kz-ке сілтеме жасап.

Пандемия басталмастан бұрын Атырау облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында жұмыссыз ретінде тіркелгендер саны 9000 болатын. Мамандар мұндай өсімге ірі мұнай компанияларындағы шектеулер әсер етті дейді.

Басқармадағылар Теңіз кен орнындағы компаниялар өз қызметкерлерін қайта шақырса, жұмыссыздық деңгейі төмендейді деген үмітте.

Мамандар биылдың өзінде 10 мыңдай жаңа жұмыс орны ашылғанын бірақ оның 90 пайызы маусымдық екенін айтады. Бір қуантарлығы  — соңғы кездері жеке компаниялар  жергілікті мамандарды тартуға мүдделі көрінеді.

You may also like

This material is not allowed for publication, broadcast, rewritten or redistributed. ©2021 PenciDesign. All rights reserved. Market data provided by Market.com. Powered and implemented by Web Design Solution. Legal Statement. News and Informations data provided by Example.Com