АТЫРАУДА

Атырауда автобустардың жүру бағыты өзгерді

Қала көшелерінің жолдарын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуіне байланысты Азаттық-Әуезов қиылысы уақытша жабық, деп хабарлайды ATPress.kz

Атырау қалалық әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазір қоғамдық көліктердің де жүру бағытына өзгерістер енгізілген.

«Авангард-Балықшы» бағытында қатынайтын №12 автобус енді Авангард ықшам ауданынан «Шалқыма» аялдамасына дейін, және Балықшы ықшам ауданынан «Маслопром» аялдамасына дейін жүреді.

«Жеңіс» саябағы-Тұрғын үй қалашығы» бағытында жүретін №30 автобус әзірге «Жеңіс» саябағынан бастап, «Мұнайшы» көпірінен өтіп, «Мұнайшы» стадионына дейін барады. Сондай-ақ, «Жеңіс» саябағынан бастап, Сәтпаев көшесінен өтіп, «Шалқыма» аялдамасына тоқтайды.

«Әуежай-«Жеңіс» саябағы» бағытындағы №30 «А» қоғамдық көлігі «Маслопром» аялдамасына дейін жүреді.

«Атырау ықшам ауданы-«Жеңіс» саябағы бағытындағы №1 қоғамдық көлігі «Шалқыма» аялдамасына дейін қатынайды.

Бұдан өзге №№ 20,57,51,5,8,2 автобустық маршруттардың да қозғалыс картасына өзгеріс енгізілген.

«Бұл бағыттағы автобустар Балықшы ы.а бастап, «Нарсуд» аялдамасына дейін, ары қарай Ашхабадская көшесі арқылы, З.Қабдолов көшесіне өтіп, Атамбаев көшесінен «Стройконтора» аялдамасына тоқтайды», делінген таратылған ақпаратта.

Қала ішіндегі басқа маршруттық бағыттағы автобустардың жүру картасында өзгеріс жоқ.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button