Атырауда Жеңіс күніне орай автошеру өтті (+ВИДЕО)

2021 05 09 b3830ef6 dcbd 4406 9d38 391d948ff35e
Бізді әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Ұлы Жеңістің жетпіс алтыншы көктеміне арналған автошеру мұнайлы шаһардың барлық көшелерін қамтыды.

Соңында автокәсіпқойлар мен мотоциклшілер Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды.

Жеңіс күнгі автошеру осымен оныншы жыл өтіп жатыр. Осы уақыт ішінде автошерушілер қаншама рет көліктеріне Кеңес Одағының батырларының фотосуреттерін жабыстырып, соғыс әндерін шырқап өтті десеңізші! Бұл жолы да белсенді жастар сол дәстүрден тайған жоқ.

Айта кетейік, өскелең ұрпақ үшін мән-маңызы жоғары шараға «Былина» этномәдени бірлестігі мұрындық болып, «Drive Atyrau», «Mitsubishi club»,  «Wheels brothers MC» және «Region06» авто-мотоклубтары қатысты.