АТЫРАУДА

«Зағиптар арманы» Ұлы Жеңістің 76 жылдығын атап өтті

«Зағиптар арманы» қоғамдық бірлестігі  қандай мерекені де атаусыз қалдырмайды. Қазақстан Қарулы күштері мен Ұлы Жеңістің 76 жылдығына байланысты аталған бірлестік қалалықтар үшін мерекелік мәдени шара өткізді. Ашық алаңда өткен шараға көрермендер көп жиналды.

img 20210510 wa0020

– Біздің халықтың басынан небір қиындық өтті. Әсіресе, сонау 1941-45 жылдары орын алған Отан соғысы қаншама шаңырақтың ойранын шығарды. Осындай қиын-қыстау сәтте біздің аталарымыз бен ағаларымыз, батыр аналарымыз бен апаларымыз жұдырық болып жұмылып, Ұлы Жеңіске қол жеткізді. Міне, біз, кейінгі ұрпақ 76 жыл бойы бейбіт өмірде өмір сүріп, қызық-қуанышты тірлік кешудеміз. Лайымда осы шат тұрмысымыз ұзағынан болғай! – деді «Зағиптар арманы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Амантай Досаманов.

img 20210510 wa0018

Осындай ізгі тілекті қоғам мүшесі Софья Құспанова да жалғады.
Ал Абай атындағы оқу орталығының «Томирис» және «Жігер» бишілер тобы әсем билерімен шара ажарын аша түссе, «Атаман» еріктілер ұйымының белсенді мүшелері, оқушылар –  Алихан Сиражиден мен Жанерке Жұмабай бірлестік өткізген шараның басы-қасында жүріп, қолғабыс етті.

Лиза СЕЙТІМОВА

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button