АТЫРАУДА

Атырауда ауа райы күрт өзгереді

21-23 сәуір аралығында Атырауда нөсер жаңбыр жаууы мүмкін.  Синоптиктердің айтуынша, күндіз ауа температурасы 15 градусты көрсетсе, түнде сынап бағанасы 5 градусқа дейін төмендейді.

Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні секундына 20 метрге дейін жетуі ықтимал. 23 сәуірден кейін облыста ауа-райы күндіз 22 градус, ал түнде 11 градус жылылықты көрсетпек.

Қырмызы ҚАПАНОВА, синоптик

Атмосфералық фронттардын өтуіне байланысты 21-23 сәуір аралығында облысымыздың кей жерлерінде жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-шығыс бағыттан соғады, күші 9-14, екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде 5-10, күндіз 15-20, облыстың солтүстігінде 13 жылы.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button