Коронавирус жұқтыру жағдайы оқушылар арасында көбейген

by Depti
0 views

Төртінші тоқсан басталғалы бері 3706 оқушы індетке шалдықты, оның 1093-і оффлайн, 2613-і онлайн режимде оқыған.

Мектептер дәстүрлі оқыту форматына көшкелі бері вирус жұқтырған оқушылар саны артқан. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді.

«Дәстүрлі оқыту форматы енгізілгеннен бастап оқушылардың вирус жұқтыруы көбейді. Төртінші тоқсан басталғалы бері 3706 оқушы індетке шалдықты, соның ішінде оффлайн режимде –1093, онлайн режимде – 2613», — деді Цой үкімет отырысында.

Айтуынша, дәстүрлі форматта оқитын вирус жұқтырған оқушылардың ең көбі Қарағанды, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан облыстарда тіркелсе, онлайн режимде оқитындар Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында.

«Осыған байланысты әкімдіктер мектептерде санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуын үнемі бақылап, аурудың алдын алу шараларының орындалуын қамтамасыз етуі қажет. Сондай-ақ «қызыл» аймақта тұрған өңірлерде оффлайн режимде оқытуды бастамау қажет», — деді министр.

You may also like

This material is not allowed for publication, broadcast, rewritten or redistributed. ©2021 PenciDesign. All rights reserved. Market data provided by Market.com. Powered and implemented by Web Design Solution. Legal Statement. News and Informations data provided by Example.Com