АТЫРАУДА

Атыраулықтар ақшаны алтынға айырбастап жатыр…

Елімізде алтын құймаларды сатып алу жағынан атыраулықтар алда келеді.

Олар жыл басынан бері екінші деңгейлі банктер мен айырбастау  орындарынан жалпы құны 127 миллион теңге болатын құнды металды сатып алған. Әсіресе салмағы 10 және 20 грам болатын құймалар үлкен сұранысқа ие көрінеді. Сатылған алтындардың салмағы бес келіден астам. Бұл көрсеткіш 2020 жылмен салыстырғанда  2 есеге көп, — дейді ҚР «Ұлттық Банкі» АҚ Атырау облыстық филиалының қызметкерлері.

Ақшаны алтынға айырбастау мүмкіндігі елімізде 2017 жылы пайда болды. Сол уақыттан бері атыраулықтар 212 келіден астам алтын сатып алыпты.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button