АТЫРАУДА

Атырауда балалардың ойын алаңдары сауда орнына айналуда…

Атыраулық саудагерлер базарлардан кетіп, балалар алаңдарына барып саудамен айналысуда.

Облыстың бас санитар дәрігері демалыс күндері орталық алаңдарда сауда-саттықпен айналысуға тыйым салған көрінеді. Оған жауап ретінде сатушылар балалар алаңқайларына ауысыпты.
«Саудагерлердің жиі жиналатын орны Сәтпаев даңғылындағы әткеншек пен сырғанақтары бар кеме», – деплінген желідегі жазбада.
Қала тұрғындары саудагерлердің мұндай әрекеттерін сынап, әлеуметтік желіде жарыса суреттерді таратуда. Өз кезегінде әкімдік өкілдері мәселені шешуге уәде беріпті.

Mgorod.kz

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button