АТЫРАУДА

Атыраудағы шекара қызметкерлері жасыл желек жайқалтты

Көктем жаңару маусымы. Осы жыл мезгілі барлық тіршілік иесін қалың ұйқыдан оятатын қарбалас уақыттың бірі.

Ел Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай тазалықты жанына серік еткен ҚР ҰҚК ШҚ Атырау облысы бойынша департаменті «Тазалық табалдырықтан басталады» демекші мекеме ауласын тазартып және жас ағаштар отырғу жұмыстарын ыждахаттылықпен атқарды. 

Тұғырла тәуелсіздікке қол жеткізген күннен бастап  халқымыз өз мемлекеттігін, шынайы тарихы мен мәдениетін қайта түлетуге жігерлене құлшыныспен кірісті, елдің ішкі және сыртқы саясатын, өзіміз бұрын өмір сүрген қоғамнан түбірінен өзгеше жаңа, демократиялық қоғам құру принциптерін дербес айқындады. Әрине, ең алдымен бұрынғы жүйенің құлауының зардаптарын, әлеуметтік—экономикалақ күйреу мен дағдарысты бастан кешірдік. Соған қарамастан Қазақ мемлекеті өркендеуде өз жолын таба біліп, өркениетке өз үлесін қоса бастады.

Байтақ ел, күн сәулетті Қазақстан бүгінде дамудың даңғыл жолына түсті. Өлшеусіз табиғат байлығымен ғана емес, ең алдымен сан түрлі ұлттардан құралған халқының ауызбірлігімен аты шықты.

Мін осындай қасиетті Мереке аясында шекарашыларда өз үлесін қосып келеді. Қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау, табиғатын көркейту оны күту әрбір жан иесінің азаматтық борышы. «Адам баласын тану үшін алдымен аяғын қара» – демекші департамент айналасы келген адамға оттай басылатыны белгілі. Осы мақсатта бөлім бастықтары мен әскери қызметшілер көктемгі тазалық жұмысын өткізді. Жұмыс барысында тек тазалап қана қоймай «Атадан мал қалғанша, тал қалсын»- демекші департамент айналасына жас талдармен алуан түрлі гүлдер отырғызылды. 

«Бүгін біз бір кісідей жұмылып, сенбілік жұмысымен ағаш отырғызу шараларына қатысып жатырмыз. Осы арқылы мекеме тазалығына, көрікті боуына, үлес қоспақ ниеттеміз» – деді тәрбие бөлімінің аға офицері майор Икенов Мади. Департамент көлемінде өткізілген шараға барлық қызметкерлер бір кісідей ат салысты. Мұндай жұмыстар ұжымдық рухты, бірегейлікті, психологиялық климатты көтеретін әдістердің бірі. Қызметтегі жандар арасында жұмыстан тыс әңгімелесу мен  бірін-бірі жақын тануға мүмкіндік береді. Ортақ мүдде үшін бірлесіп жасаған еңбекті ешнәрсе алмастыра алмайды. 

Ауланы көркейту жұмыстарына атап айтсақ 100ге жуық жеміс өнімді ағаштар және 200 ге жуық басқа ағаш түрлері отырғызылды. Бақты суғару жұмысын оңтайландыру үшін арықтармен арнайы су құбырлары жүргізілді. 

Мұндай іс шаралар кейінгі жас ұрпаққа оң тәрбие мен табиғатты қорғауға бағытталғаны сөзсіз. Департаменттің игі шарасы табиғатқа деген жақсы қарым- қатынасы қалыптастыруға және мекеменің санитарлық жағдайын жақсартуға бағытталды. 

Ең бастысы сенде өз еліңнің дамуына титтей де болса өз үлесіңді қосуға мүмкіндік жаса Мәңгілік елдің тірегі жастар екенін Мағжан Жұмабаев атамыз «Жастарға» деген өлеңінде:

Арыстандай айбатты,

Жолбарыстай қайратты –

Қырандай күшті қанатты.

Мен жастарға сенемін! –

деп болашақ ұрпаққа үлкен сенім артқан. Иә, бүгін біз еркінбіз. Еркін елдің болашақ тірегіміз. Аяулы ата-бабаларымыз қол жеткізген Тәуелсіздіктің әрбір арайлап атқан таңы біз үшін бақыт, әрбір мерекесі – ұмытылмас ұлы күн.

Өмірбат АЙТӘЛІ, 

аға лейтенант.

*Сурет ШҚ Атырау облысы бойынша департаментінен алынды

img 20210425 wa0059
img 20210425 wa0062

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button