Атырауда бірнеше пәтерге ұрлыққа түскен күдіктілер ұсталды

bfc5b462 42fc 4991 ab9d 822eb285b4c5
Бізді әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Polisia.kz хабарлағандай, ҚР ІІМ-нің нұсқауына сәйкес ағымдағы жылғы 19-21 мамыр аралығында Атырау облысы аумағында пәтер ұрлығын жасауға қатысы бар адамдарды анықтау, ұстау және қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында республикалық “Пәтер” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

– “Қауіпсіз аула” жобасының шеңберінде көпқабатты үйлердің кіреберістеріне бейнебақылау камераларын орнату бойынша ПИК-пен жұмыстар ұйымдастырылуда. Облыс бойынша төрт “өткен жылдардағы” және үш бұрын жасалған пәтер ұрлықтары ашылып, пәтер ұрлықтары қылмыстарын жасағаны үшін сегіз адам, оның ішінде біреуі іздеудегі қылмыскер ұсталды, – деді Атырау облысы полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиев.