АТЫРАУДАБЕЙНЕТАСПА

Атырауда қоғамдық көліктерге бейнекамералар орнатылды (+ВИДЕО)

Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

https://www.youtube.com/watch?v=VCEFulLteXw

Полиция​ қызметкерлерінің​ ұсынысына сәйкес маусым айынан бастап қала аумағындағы қоғамдық көліктердегі жолаушылардың қауіпсіздігін, сондай-ақ жол қозғалысы ережелерін сақтау, қалта ұрыларының алдын алу мақсатында арнайы бейнекамера іске қосылады. Бұл жолаушылардың түсіп мінгенін бақылап қана қоймай, жол-көлік қозғалысын күнделікті реттеу,​ оқыс-оқиғалардың алдын алу, қоғамдық көліктің аялдамаларға келу тәртібін сақтау, апаттық жағдайларда бейне деректерді алу мүмкіндігі болмақ.

Бейнекамера қоғамдық көлік таңсәріден кешке дейін жолда жүргенде автоматты түрде қосылады. Автобус жүргізушісінің жұмысына кедергі келтірмейді. Бейнекамера​ қауіпсіздікті қамтамасыз ететін арнайы қызметтерге де кез-келген төтенше жағдайдың дер кезінде ауыздықталуына мүмкіндік береді. Жол бойындағы деректер полиция қызметкерлеріне де жолданады.Бұл камералар тек жолда жүру ережелерін емес, күдіктілерді іздеу, іздеудегі адамдарды сыртқы белгілері арқылы тану, бұзақылық, қоғамдық көлікте орын алатын қалта ұрыларының алдын-алуға да өз септігін тигізеді.

Мысалы​, іздестіруде жүрген қылмыскерлердің фото-бейнесі камера арқылы нақтыланған жағдайда Полиция департаментінің Жедел іздестіру тобына дереу жолданады. Сонымен қатар қоғамдық көліктерде “Дабыл” түймелері де орнатылады. 2020 жылы автобустарда 14 ұрлық деректері, 2021 жыл басынан бері бір қалта ұрлығы қылмысы тіркелген. Оның басым көпшілігі ашылып, ұрылар ұсталды. Енді сұғанақтардың әрекеттерін болдырмау үшін қоғамдық көліктерге бейнекамералар орнатудың өте тиімді екенін жеткізді. ​”Qazinfotech” ЖШС- директоры Махмуд Копбаев маусым айынан бастап “ақылды”​бейнекамералардың “Атырау Автопарк” тұрағындағы алғаш 91 автобустарға қосылатынын атап өтті.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button