БЕЙНЕТАСПААТЫРАУДА

Жол бойында жарысқан екі көліктің видеосы тарады

Республикалық маңызы бар тасжолда апаттық жағдай туғызған атыраулық екі жүргізушіге айыппұл салынды.

https://www.youtube.com/watch?v=7OReC4mGitU

Оқиға 20 мамыр Атырау-Орал тас жолында орын алған. «Toyota Alphard» және «Toyota Privia» автокөліктері қалаға кіре берісте өзге автокөліктерден басып озамыз деп апаттық жағдай туғызған. Бұл туралы бейнежазба әлеуметтік желілерге таратылды. Аталған автокөліктер анықталды, екі жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 606 бабы 1 бөлігімен және ҚР ӘҚБтК-нің 595 бабы 1 бөлігімен әкімшілік хаттамалары жасақталды. Әрқайсысы осы заңда көзделген 10 АЕК және 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

***

Апаттық жағдай тудырған көлік иесі

Естеріңізге сала кетейік,  кеше әлеуметтік желідегі бейнежазбада 21 мамыр күні сағат 23:49 шамасында Атырау қаласы, Азаттық- Абай көше қиылысының Орталық көпірге көтерілер тұсында белгісіз автокөліктің апаттық жағдай тудырғандығы жөнінде  шағым түскен болатын.

  Атырау қаласы ПБ-ның Патрульдік полиция батальоны қызметкерлерімен  аталған шағым бойынша дереу іздестіру шаралары жүргізіліп, нәтижесінде жол қозғалысы ережесін өрескел бұзып, қозғалыстың өзге қатысушыларына қауіп төндірген маркасы «BMW» автокөлігінің 30-жастағы жүргізушісі анықталып, ҚР ӘҚБтК-нің 606-бабы 1-бөліміне (Жол жүрiсiне қатысушының авариялық жағдай туғызуға әкеп соққан, яғни жол жүрiсiне басқа да қатысушыларды жүру жылдамдығын, бағытын күрт өзгертуге мәжбүр етiп, жол жүрiсi қағидаларын бұзуы) сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 10 АЕК (29170 теңге) көлемінде айыппұл салу түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды.

-Айта кету керек,  Ішкі істер Министрі полиция генерал-лейтенанты Е.З.Тұрғымбаев ІІМ-нің Алқа жиналысында
ішкі істер органдарымен жуық арада атқарылуы тиіс 8 тапсырма берген болатын, солардың бірі осы жол қозғалысы қауіпсіздігі мен жол инфрақұрылымын бақылауды күшейту болып табылады. Осыған байланысты жоғарыда аталғандай жол қозғалысының қатысушыларына қауіп төндіретін жол қозғалысы ережелерін бұзу фактілерін болдырмау, құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында атқарылатын жұмыстар күшейтілетін болады-деді, Атырау қаласы ПБ-ның Патрульдік полиция батальонының командирі полиция майоры Нұрлан Сәрсенбайұлы Сәрсенбаев.

Мейірім ЕРДӘУЛЕТ,

Атырау облыстық ПД бөлім басшысы

https://www.youtube.com/watch?v=uhv4evh3ozc

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button