АТЫРАУДА

Атырауда ең арзан азық-түлік сатылатын жер анықталды

1 мамырдағы Бірлік күні мерекесіне орай Атырау қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің ұйымдастыруымен Атырау мөлтек ауданы, «Аламан» базарында азық-түлік жәрмеңкесі өткізілді.

Жәрмеңкеге Атырау қаласынан және Қызылқоға ауданынан барлығы 42 шаруа қожалығы мен тауар өндіруші қатысты. Атап айтқанда: балық өнімдері-“Амангелді атындағы” «Долгий»ЖШС. Ет өнімдері: ЖК»Темір Ай», ШҚ «Самат» ЖК “Камалов”, ШҚ «Асыл Агро»»

Сүт өнімдері: «Первомайский» ЖШС. ЖК «Каратаева», ЖК «Капатова». Шұжық өнімдері: «Асыл Агро» ЖШС, «АҚ Жайық», «, «Rokos Group”ЖШС. Көкөніс өнімдері: ШҚ, «Саташева» ШҚ, ЖК «Иманбаева», ЖК «Жұмабекова», ЖК «Магзомова» күнбағыс майы: «ЕФК» ЖШС, «Боранғазова» ЖК нан өнімдері «Даулет нан» ЖШС, жұмыртқа: «Алмалы құс», ЖК «Клименко»,т.б.

img 20210503 wa0071

Қала тұрғындары мен қонақтарына нарық бағасынан төмен бəспен картоп 160 теңгеден, пияз 90-100 теңгеден, сәбіз 100-150 теңгеден, қырыққабат 70-80теңгеден, жұмыртқа 35-40 теңгеден, сиыр еті 1700-1800 теңгеден, балық өнімдері: сазан 550 теңгеден, құс еті 800-900 теңгеден, т.б. өнімдер ұсынылды. Бұл күні барлығы 5 тн. картоп, 1,5 тн. сәбіз, 2,3. тн. пияз, 1 тн. қырыққабат, 150 кг қияр, 4 тн. ет, 4 тн. балық,
400 литр сүт, 500 кг. тауық еті, 500 кг. шұжық, 60 000 дана жұмыртқа өнімдері және басқалары сатылды.

img 20210503 wa0060

Сондай – ақ, Атырау облысының бас санитарлық дәрігерінің қаулысының талаптарын орындау мақсатында жәрмеңке аумағы толығымен қоршалып, арақашықтықтың, санитарлық нормалардың сақталуы туралы ескертпе жасалынды.

Дәулетқали АРУЕВ

img 20210503 wa0063

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button