АТЫРАУДА

Атырауда қайырлап қалған балықтар құтқарылуда…

“Қайранға шығып қалған балықтарды құтқару жұмыстары жалғасуда”-деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникация қызметі.

Ағымдағы жылдың 2 мамыр күні Атырау қаласы, Бесікті елдімекеніндегі “Безымянный” көліне Жайық өзенінен жайылымға өр сулары шығуына орай, көктемгі уылдырық шашуға кірген қаракөз балықтары қайырлап қалғаны анықталды.

​Осы ретте, Атырау қалалық әкімдігі, Атырау облысы Балық шаруашылығы басқармасы мен Балық шаруашылығы комитетінің Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы, сондай-ақ, жастар мен еріктілердің белсенді қатысуымен, балықтарды құтқару жұмыстары жүргізілуде.

Нәтижесінде 3 тонна балық құтқарылып және өлген 470 кг балық санитарлық талаптарға сай, көму жолымен жойылды.

Сондай-ақ қазіргі уақытта балық өтетін канал темір тормен жабылды. Балықтың көлге өтуі тоқтатылды. Қалалық әкімдікпен коммуналдық жұмыстар атқарылуда.

Балық инспекциясы, Орал-Жайық бассейндік басқармасы бұл жағдайда құзырлы орган болып табылады. Көлге шыққан балықтар балық кооперативтерімен, әкімдікпен жиналып қайтадан Жайыққа жіберіледі.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button