АТЫРАУДА

Атырауда ерекше тренинг өтіп жатыр…

Жеке бизнесті бастау, дамыту, қаржылық сауаттылық және көшбасшылық қасиет. Облыстық Ішкі саясат басқармасының Азаматтық орталық мекемесі ұйымдастырған тренинг қатысушыларына осы бағыттар бойынша білім алып, өз-өздерін жетілдіруге үлкен мүмкіндік берілуде.

Үкіметтік емес ұйымдар өкілдері қоғамның маңызды әлеуметтік салаларында өзекті мәселелерді шешуде үлкен рөл атқарып келеді. Атырау облысында бүгінде барлық әлеуметтік маңызды салалардың жұмысын жүзеге асыратын 699 ҮЕҰ тіркелсе, оның 130-ға жуығы белсенді әрекет етіп келеді.

whatsapp image 2021 07 21 at 11.55.26 1 1

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында белсенді азаматтық қоғам құру үшін үкіметтік емес ұйымдардың беделін арттыру қажеттігі де айқын көрсетілген. Осы мақсатта, ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында «Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының Азаматтық орталығы» КММ-сі аймақтағы азаматтық қоғамды дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау, үкіметтік емес секторды институционалдық дамыту саласындағы заманауи білім беруді ұйымдастыру, ҮЕҰ-ны гранттар мен сыйлықақылар түрінде қаржыландырудың жаңа нысандарын енгізу мақсатында «ҰЕҰ мектебі 2.0» жобасын өткізуде.

Шараға Атырау облысында тіркелген, белсенді әрекет етуші, әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асырып жүрген ҮЕҰ өкілдері қатысуда. 3 күнге созылатын дәрістер барысында «Green Tall» әлеуметтік шеберханасының жетекшісі, көшбасшылық қабілеттер бойынша тренер Эмин Аскеров, бизнес тренер Арай Успаева және маркетолог Жанболат Ізім сынды спикерлерден дәріс алған жоба қатысушыларына арнайы сертификаттар табысталады.

Гүлжан ӘМІРОВА
Суретті түсірген Әнуар ӘБІЛҒАЗИЕВ

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button