COVID-19АТЫРАУДА

10 АТЫРАУЛЫҚ АҚШАЛАЙ ҰТЫСҚА ИЕ БОЛДЫ

Бүгін, 21 шілдеде «Вакцина ал да, ақшалай сыйлыққа ие бол» атты акцияның екінші кезеңі өтті, деп хабарлайды Атырау облысық коммуникациялар қызметі.

Атырау облыстық Азаматтық Альянсының ұйымдастыруымен өткен акцияға 10 шілде сағат 8:00 мен 20 шілде 23:59 аралығында вакцинаның І немесе ІІ компонентін алған 34 301 атыраулық қатысты.

Тікелей эфир тәуелсіз бақылаушылардың қатысуымен өтті. Онда «Былина» орыс этно-мәдени бірлестігінің төрағасы Андрей Кораблев, Адалдық алаңы өңірлік кеңсесінің менеджері Мирас Қабдолов, «Қоғамдық келісім» қалалық филиалының өкілі Рафик Сарсенов және журналист Эльмира Тұңғатарова болды.

Кездейсоқ сандар арқылы ақша сертификаттарының 10 иесі анықталды.

Олар:

  1. Кенжеғали Айгерім
  2. Абдуллиев Өтеп
  3. Утенов Азамат
  4. Қисметов Махамбет
  5. Кузин Алексей
  6. Лұқпанов Әсембек
  7. Атаханова Нурасила
  8. Колесников Вадим
  9. Ануарбеков Толқын
  10. Қалжанов Пердебай

Айта кетейік, өңірде 130 мыңға жуық тұрғын вакцинаның І компонентін алса, 75 мыңнан астамы ІІ компонентінде алған.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button