АТЫРАУДА

Атырауда бір сәтте сегіз пәтер өртеніп кетті

Кеше, 13 маусым күні сағат кешкі он шамасында сall-орталыққа Сарықамыс шағынауданынан екі қабатты «Гаухартас» тұрғын үй кешенінің өртеніп жатқандығы жөнінде хабарлама келіп түсті.

Жергілікті төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, өрт сөндірушілер келген уақытта үй шатыры мен екінші қабаттағы сегіз пәтердің 1 275 м2 (15х85) алаңы жанып жатқан. Өрт толықтай өшірілді.

Оқиға кезінде 21 адам өздіктерінен қауіпсіз жерге шыққан. Оның 10-ы – балалар. Абырой болғанда, қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Тілсіз жаудың неден тұтанғаны анықталып жатыр.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button