Жүк көлігімен жұмыстасын басып кетті…

4c7550c0eca0bbff9270bbcd6fe1b346
Бізді әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Жылыой ауданындағы Теңіз кен орнында қайғылы оқиға тіркелді. Мердігер компаниялардың бірінің қызметкері көп тонналы жүк көлігінің астында қалып, қаза тапты.

Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, бұл оқиға өткен сенбі, яғни 12 маусым күні сағат 17.00-де болған.

«Теңіз кен орнында «Шахман» жүк көлігінің 34 жастағы жүргізушісі сол компанияның жұмысшысын қағып кетті. Нәтижесінде 29 жастағы ер адам қаза тапты», — делінген ақпаратта.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 156-бабының 3-бөлігі (еңбекті қорғау ережелерін бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.