АТЫРАУДА

Атырауда маса улауға 126 млн теңге бөлінген

Масадан мезі болған Атырау жұрты жанайқайын айтты. Жергілікті билік зиянкестерді улауға 126 млн теңге бөлген екен. Бірақ нәтижесі көрінбейді дейді тұрғындар.

Олардың айтуынша, бұл жұмыстар жүйелі түрде жүргізілмеген.

Бұл туралы «Хабар 24» хабарлайды.

Көпқабатты үйлердің подъезі мен қасындағы учаскелерін улау, сосын ашық су бекеттерін улау жүріп жатыр. Сонымен қатар қаланың ашық территориялары, парктерді улау жұмыстары жүріп жатыр. Қаланың қасындағы ауылдық округтерде, мысалы, Атырау, Дамбы, Кеңөзек, Алмалы, Қайыршақты, Еркінқала ауылдық округтерінде масаға қарсы улау жұмыстары жүріп жатыр, – дейді мердігер мекеме өкілі Нұрлыбек Ахмедияров.
Шаһарға көктем келсе болды, таңнан кешке дейін маза бермейтін масаның кесірінен тұрғындар үшін сыртқа шығып, серуендеудің өзі мұң. Қаптаған масалар мазасын алып, қажытып бітеді екен. Биыл да қала халқынан маза қашқан. Олардың ойынша, маса улау жұмыстары жүйелі түрде жүргізілмейді.

Мұнайлы шаһарда маса улау жұмыстарына 5 бригада, 43 дезинфектор, 8 автокөлік пен арнаулы құрылғылар жұмылдырылған.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button