АТЫРАУДА

Атырауда масаларды көшеде де улап жатыр

1 сәуірде Атырауда маса улаудың бірінші кезеңі басталған еді. Бұл кезде көпқабатты тұрғын үйлердің дәліздері мен жертөлелері тазартылды, деп хабарлайды Depti.kz тілшісі.

Атырау қаласының әкімдігінен білгеніміздей, қалаға қарасты «Тухлая балка» қалдықтар полигоны да, тіпті жаңбыр суы жиналатын орындар мен канал бойындағы өскіндер де арнайы тазартудан өтпек. Өйткені, зинякес жәндіктердің дені сол жерде болатыны анық. Қала көшелері мен саябақтардағы жасыл желек те масалардан тазартылып жатыр. Бұл жұмыстардың барлығын қалалық ТКШ бөлімінің бақылауымен мердігер мекеме – «AG Disinfection services» ЖШС атқарып жатыр.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button