АТЫРАУДА

Атырауда «McDonalds» автокөліктер сыйлады

Қазақстандағы McDonalds Атырау қаласының әкімдігіне мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған екі арнайы автокөлік сыйлады.

Бүгін, 13 мамырда, Қазақстандағы McDonalds-тың Бас директоры Әсет МАшанов  Атырау қаласының әкімдігіне ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған екі автокөліктің кілтін табыстады. McDonalds құрылыс басталғанға дейін Атырау қаласының әкімдігінің өтініші бойынша ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін екі жайлы микроавтобусты берді.

Volkswagen Crafter Kasten жайлы микроавтобустар мүмкіндігі шектеулі жандарға  тасымалдауға берілді. Микроавтобустар барлық қажетті талаптар мен стандарттарға сәйкес келеді. Автокөліктерде арбаларға арналған көтергіштер орнатылған, ал көтеру механизмін басқару көтергіштен тікелей жақын жерде орналасқан пульттің көмегімен жасалады. Көлік Қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтардың хал актілерін тіркеу бөлімінің теңгеріміне берілді.

McDonalds-тың құрылысы осы жылдың жаз мезгіліне жоспарланғанын еске саламыз. Аумақ алаңы 20 соттық. Мұнда  мейрамхананың өзі де, сондай-ақ оның айналасын аббаттандыру мен көгалдандыру да  кіреді.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button