АТЫРАУДАCOVID-19

АТЫРАУДА ӨТКЕН ТӘУЛІКТЕ 75 АДАМНАН COVID-19 АНЫҚТАЛДЫ

551 адам Сovid-19 және пневмониядан инфекциялық стационарларда ем алуда, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Соңғы тәулікте Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 50 жағдайы расталды. Скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында бір науқастан қауіпті індет анықталған.

Соңғы тәулікте Жылыой ауданынан 17, Мақат ауданынан 4, Махамбет, Исатай және Құрманғазы аудандарынан бір-бір тұрғыннан Covid-19 расталды.

Коронавирустық инфекциясы бар 43 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. Ал, 32 адамда ауру симптомсыз өтуде.

Өткен тәулікте облыста коронавирустан 116 адам емделіп шықты.

Қазіргі уақытта 645 адам үй жағдайында, 154 модульді ауруханада, 115 – екінші облыстық ауруханада, 47 – фтизиопульмонологиялық орталықта, 140 – аудандық инфекциялық стационарларда ем алуда. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда 95 адам емделуде.

Айта кетейік, Атырау облысы коронавирустың таралуы бойынша «сары» аймақта қалып отыр.

***

 Атырауда өткен тәулікте 863 тұрғын коронавирусқа қарсы вакцина алды.

Өңірде халықты covid-19-ға қарсы жаппай вакцинациялау жалғасуда.

12 мамырдағы дерек бойынша,  «Спутник V», «QAZVAC» және «Hayat-Vax»  вакциналарының I компонентін 863 жергілікті тұрғын алды. Оның ішінде 24 медицина қызметкері, 51 педагог, 21 полиция қызметкері, 8 студент, 1 жабық мекеме қызметкері, 57 құқық қорғау органдарының қызметкері, 9 мемлекеттік қызметкер, 6 созылмалы аурумен ауыратын адам, 686 жергілікті тұрғын бар.

2021 жылғы 1 ақпан мен 12 мамыр аралығында «Спутник V», «QAZVAC» және «Hayat-Vax»  вакциналарының I компонентімен 41714 адам вакцинацияланды. II компонентпен 14313 адам егілді.

Естеріңізге сала кетейік, өңірде барлығы 36 стационарлық және 10 жылжымалы вакцинация пункті жұмыс істейді.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button