АТЫРАУДА

Атырауда өтетін сенбілік жәрмеңкеге арнайы автобустар ұйымдастырылмақ

Ертең сағат 09.00-14.00 аралығында «Аламан» базарында (Атырау-2 ы/а, 20 «а») жергілікті 29 тауар өндірушінің қатысуымен жәрмеңке өтеді, деп хабарлайды Depti.kz тілшісі қалалық әкімдікке сілтеп.

Сонымен қатар, №1, №3, №20 маршруттарының соңғы аялдамасы«Аламан» базарына ауыстырылды. №10, 55, 62 маршруттары «Аламан» базарынан өтеді.

№1 маршрут: Жеңіс саябағы – Авангард соңғы аялдамасы – Тұрғындар қалашығы – Азаттық д., Санаторий аялдамасы – Пушкин к-сі, «Горпарк» аялдамасы – Ә.Молдағалиева к-сі, «Мұра» аялдамасы –И.Тайманов к-сі,«Аквариум» аялдамасы –Аламан базары;

№3 маршрут: Дина базары – Вокзал маңы аялдамасы- Алмагүл аялдамасы-Махамбет к-сі Драма Театры (Светлана) аялдамасы –– Орталық көпір арқылы-А.Пушкин к-сі –Ә.Молдағұлова к-сі – «Аламан» базары;

№20 маршрут: Балықшы – Азаттық д. – Махамбет к-сі – Абай көшесі- орталық көпір арқылы- Сәтбаев к-сі – И.Тайманов к-сі, «Аквариум» аялдамасы – «Аламан» базары;

№10 маршрут: Авангард соңғы аялдамасы – И. Тайманов –Аламан базары – Вокзал;

№55 маршрут: Алмалы – Береке – Аламан базары – Дина базары;

№62 маршрут: «Черная речка» – Аламан базары – Дина базары).

Сонымен қатар, арнайы жәрмеңкеге арналған қоғамдық автобус Темір жол Вокзалынан – «Аламан» базарына дейін, «Аламан» базарынан – Теміржол Вокзалына дейін сағат: 07.00-ден 14.00-ге дейін жүреді.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button