Атырауда заңсыз балық ұстағандар қолға түсті

by Depti
0 views

Атырау облысына қарасты шекара қызметшілері заңсыз су маржандарын тасымалдаған қаскөйлерді қолға түсірді.

Ағымдағы жылдың 15 сәуір күні Каспий теңізінің солтүстік жағалауы «Шалик» қыстауының маңында күдік тудырарлық іс әрекеттермен «Тайота» көлігі тоқтатылды. 

Шекара наряды мен Исатай аудандық полиция қызметкерлерімен біріге тоқтатылған автокөлік тексерілді. Тексеру барысында жалпы салмағы 100 кг жуық қызыл кітапқа енген бекіре тұқымдас (осетра) балық түрі болғандығы белгілі болды. Заң бұзушылардың мемлекетке келтірілген залал көлемі 45 млн теңгеге жуықтады. 

Қазақстан Республикасы ҰҚК ШҚ Атырау облысы бойынша департаментіне қарасты шекарашылармен Исатай аудандық полиция қызметкерелерінің бірлескен жұмыс барысында заң бұзушылар дер кезінде қолға түсті. 

Ұсталған азаматқа Қазақстан Республикасының заң талаптарына сай сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Өмірбат АЙТӘЛІ,

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметі, Атырау облыстық департаментінің баспасөз хатшысы

Аға лейтенант

You may also like

This material is not allowed for publication, broadcast, rewritten or redistributed. ©2021 PenciDesign. All rights reserved. Market data provided by Market.com. Powered and implemented by Web Design Solution. Legal Statement. News and Informations data provided by Example.Com