АТЫРАУДА

АТЫРАУДА ПОЛИЦЕЙЛЕР ЕСІРТКІМЕН ҰСТАЛДЫ

Атырау облысында есірткі саудасымен айналысқан полиция қызметкерлері ұсталды. Тәртіп сақшылары тыйым салынған затты доңғалақтың ішіне жасырған, деп хабарлайды depti.kz порталы ktk.kz арнасына сілтеме жасап.

Қулығына құрық бойламайтын полицейлер жасыл түсті ұнтақты мотоцикл дөңгелегінің ішіне текшелеп салған. Кейін оны автокөлікке тиеп жолға шыққан. Алайда Атырау-Доссор тас жолында қос полицейді өз әріптестері ұстады. Олардың бірі – еңбек демалысында, ал екіншісі қызмет бабында болған. Қазір оларға тыйым салынған заттарды заңсыз тасымалдады деген айып тағылығып отыр. Алайда есірткіні қайдан алғаны және кімге сатпақшы болғаны жайлы мағлұмат жоқ. Тіпті тәртіп сақшылары ұсталған әріптестерінің нақты қандай қызметте істейтінін де ашып айтпай отыр.

ЕРГЕН ТӨЛЕМІСОВ – Атырау облысы ПД өзіндік қауіпсіздік бсқармасының бастығы: «Жоғарыда аталған екі күдікті тұлға ҚР ҚК 128 бабының талаптарына сәйкес ұсталды. Қалғаны тергеу барысында мән жайлар ҚР қылмыстық працесуалдық кодексінің 201 бабтарына сәйкес жария етуге болмайтынын қаперіңізге салғым келеді.»

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button