САРАПТАМА

АЙҚЫН ӘЛЕМГЕ ӘЙГІЛІ КІТАПТЫ СЫНАП ТАСТАДЫ

Белгілі әнші Айқын Төлепберген “Хәрри Поттер мен пәлсапа тас” кітабын қазақ тіліне аударғандарға ашулы. Ол instagram- парақшасына видео жариялап, кітаптың аудармасын сынға алды, деп хабарлайды opa.kz порталы. 

Әнші танымал Ж.К. Роулиңнің бестселлерін аударғандарды “шаш ал десе, бас алатын мамандар” деп атады. 

“Оқып отырған кітапқа қараңыз. Біріншіден, “Роулингті” “Роулиң” деп аударудың қажеті не?! Одан кейін “Хәрри” деп жазыпты, оны “Гарри” деп жаза салса болмай ма? Неге аттарды өзгерткен? “Пәлсапа тас” деген “философский камень” ғой. “Философия” деген халықаралық сөз, оны “пәлсапа” деп аударудың не қажеті бар?. Мынаны кім аударған? “Хәрридің бағына орай, Хәрмиона…” дегеннің орнына “Гарридің бағына орай, Гермиона…” деп қалдыруға болмай ма? Тілді құртып, қиындатып… Өзі әрең түсініп жатқан кітапты балама одан әрі қиындатқаны несі? Түсінбеймін осы. Шаш ал десе, бас алатын мамандар”, – деді Айқын Төлепберген желіге жариялаған видеосында. 

Әншімен бірге кәсіби аудармаға күлгендер қатарында әріптесі Рүстем Жүгінісов те бар. Айқынның айтқанына келіспей, кітаптың түпнұсқадан дұрыс аударылғанын түсіндіріп жатқандар да көп. 

“Хәрри Поттер және пәлсапа тас” кітабын қазақ тіліне аудару идеясының авторы Раиса Қадырқызы болса, әншінің сынына: “Айқын, пандемия кезінде тым болмаса ағылшынша үйреніп алмадыңыз ба?”, – деп жауап берді.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button