Әлемде

5 МИЛЛИОН ДОЛЛАРДЫ ИТІНЕ МҰРАГЕРЛІККЕ ҚАЛДЫРҒАН

АҚШ-та 84 жастағы кәсіпкер Билл Доррис сегіз жыл бірге тұрған итіне бес миллион долларды мұрагерлікке қалдырды, деп хабарлайды stan.kz Daily Mail сайтына сілтеме жасап.

Кәсіпкердің әйелі де, баласы да болмаған. Алайда соңғы сегіз жыл ішінде онымен бірге Лулу атты шекаралық колли ит өмір сүрген. Ол оған өзінің барлық жинақ ақшаларын – бес миллион долларды мұрагерлікке қалдырды. Қаражат арнайы қорға орналастырылып, итті ұстауға кеткен шығынның орнын толтыруға жұмсалады деп хабарланды.

Өмірінің соңғы жылдары кәсіпкер жолда көп уақыт өткізді – осы уақытта адамның танысы оның итіне қарады. Ол қайтыс болғаннан кейін үй жануарына қарауды өтінді.

«Ол бұл итті өте қатты жақсы көрді. Мен 5 миллион долларды Лулуды күтуге жұмсай алмайтынымды білемін. Бірақ тырысып көремін», – деді әйел.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button