ҮЙІН ЖАЛҒА БЕРЕТІНДЕР 2 МЛН 300 МЫҢ ТЕҢГЕ ГРАНТ АЛАДЫ

by Журналист
0 views

Өзінің тұрып жатқан үйін туристерге жалға беріп бизнес жасағысы келетін катонқарағайлықтарға 2 млн 300 мың теңге грант беріледі, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі. 
Бұл туралы ауданды тұрақты дамыту қорының атқарушы директоры Серік Жүнісов айтты. 
Әсіресе Катонқарағай, Өрел және Берел ауылдарына басымдылық берілген. Қордың атқарушы директорының сөзінше, бір жылдың ішінде үйлерін туристерге берген 5 адамға грант ұсынылған. 

– Ол ақшаға су, дәретхана сияқты демалушыларға комфорт тудыратын дүниелерді тартуы керек. Туристер саны жыл өткен сайын көбейіп, ауылдағы тұрғындар саны азайып барады. Қалаға көшіп кете бермей, ауыл-туризмі бағытын көтеруіміз керек. Жүргізілген зерттеулерге жүгінетін болсақ. Алдағы 5 жылдың ішінде Катонқарағай ауданының картасынан  тағы 13 ауыл жоғалайын деп тұр, – дейді Серік Жүнісов.

Тағы бір ескеретін жайт – грант алғысы келетін адам сол ауылдың жергілікті тұрғыны болуы керек. Сырттан келіп туризммен айналысам дегендерге аталған көмек көрсетілмейді.

#үй  #жалға беру #аренда

You may also like

This material is not allowed for publication, broadcast, rewritten or redistributed. ©2021 PenciDesign. All rights reserved. Market data provided by Market.com. Powered and implemented by Web Design Solution. Legal Statement. News and Informations data provided by Example.Com