АТЫРАУДА

Атырауда қару тапсырғандарға сыйақы төленбек

Тұрғындарға тіркелмеген қаруларды өткізгені үшін 100 АЕК дейін сыйақы төленеді, деп хабарлайды «Depti.kz» тілшісі.

– Тіркелмеген атыс қарумен жасалатын қылмыстың, қарумен жасалатын оқыс оқиғалардың алдын алу мақсатында тұрғындардан заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәріні және жарылғыш заттарды азаматтардың ерікті түрде өтемді сатып алу бойынша облыс аумағында 2021 жылғы 20 сәуірден бастап ерекше өкімге дейін халықтан заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды сатып алу бойынша акция өткізілуде.

Мемлекет азаматтардың өз еріктерімен өткізген әрбір қарулар мен оқ-дәрілерге және жарылғыш заттарға 100 айлық есептік көрсеткішке дейін сыйақы белгіленіп отыр – деді Атырау облысы полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиев.

– иір ойықты автоматтарға – 291700 теңгеге дейін
– иір ойықты винтовкалар мен карабиндерге – 145850 теңгеге дейін
– иір ойықты пистолеттер мен тапаншалараға – 116680 теңгеге дейін
– тегіс ұңғылы атыс қаруларына – 87510 теңгеге дейін
– жарақат салатын қаруларына – 29170 теңгеге дейін
– әр бір граната, мина, жару құрылғысы және артиллериялық снаряд үшін – 20419 теңгеге дейін
– жарылғыш заттардың әрбір 1000 грамы үшін – 17502 теңгеге дейін
– иір ойықты қару патрондарының әр бірлігі үшін 83 теңге, 34 тиынға дейін.

Бұл заттарды аймақтық полиция бөлімдері қабылдайды. Заңсыз сақталған атыс қаруларын, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды өз еріктерімен тапсырған азаматтар әкімшілік және қылмыстық жауапкершіліктен босатылады.

Азаматтардың зақым немесе жарақат алуын болдырмау мақсатында табылған және анықталған жарылғыш заттарды өздігінен тасымалдамай, кез келген полиция бөлімдеріне немесе «102» телефонына хабарлауы сұралады.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button