Мұнайшылардың неліктен екпеден бас тартқаны белгілі болды

by Depti
0 views

Қазақстан мұнай өндіруші кәсіпорындары қызметкерінің 90 пайызы коронавирусқа қарсы вакцина салдырудан бас тартты, деп хабарлайды “Хабар 24”.

Телеарна мәліметіне сүйенсек, вахта қызметкерлерінің екпе салдырудан бас тартуына ауысымға түсер алдында оқшауда болып, сол кезеңде үстемақы ала алмай қалуы себеп болған.

“Олар іссапарда Еңбек кодексіне сәйкес белгіленген уақыттан көп уақыт өткізсе жалақыға қосымша ақы алады. Бұл жағдайда вакцинациялау олар үшін тиімсіз. Өйткені жоғары коэффициенттер болмайды”, – дейді Мұнай сервистік компаниялар одағының төрағасы Рашид Жақсылықов

Рашид Жақсылықовтың айтуынша, бұл Теңіз кен орнында бірқатар жұмысты тежейді.

Айта кетейік, мұнай өндіруші компания нысандарына қазірдің өзінде препараттың 90 мыңға жуық дозасы жеткізілген. 

You may also like

This material is not allowed for publication, broadcast, rewritten or redistributed. ©2021 PenciDesign. All rights reserved. Market data provided by Market.com. Powered and implemented by Web Design Solution. Legal Statement. News and Informations data provided by Example.Com