АТЫРАУДАСАРАПТАМА

Атырауда республикалық жастар боксының жеңімпаздары анықталды (+ФОТО)

17-23 мамыр күндері «Атырау» спорт кешенінде бокстан Қазақстан Республикасының V жастар спорттық ойындары өтті.

img 20210523 wa0019

Нәтижесінде, Атырау облысының командасы 2 күміс және 5 қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Атырау өңірлік коммуникациялар қызметі.

img 20210523 wa0018

Атап айтқанда, ұлдар арасында 64 келіде Бітімов Бекзат және қыздар арасында 69 келіде Ищанова Ақнұр күміс медаль еншіледі.

img 20210523 wa0011

Ал, қола жүлдеге ұлдар арасында 46 келіде Рүстем Айдар мен 81 келіде Приданов Данил және қыздар арасында 48 келіде Мұхиденова Алфия, 51 келіде Бағыт Дилназ және 54 келіде Тлепқалиева Жасмина ие болды.

img 20210523 wa0016

Жалпыкомандалық есепте қыздар арасында Алматы қаласы бірінші, Түркістан облысы екінші және Қарағанды облысы үшінші тұғырдан көрінді. Ұлдар арасында Шымкент қаласы үздік атанса, Жамбыл облысы мен Алматы қаласы сәйкесінше екінші және үшінші орындарға табан тіреді.

img 20210523 wa0022

Жалпы, сайысқа еліміздің барлық өңірінен 370-тен астам былғары қолғап шеберлері қатысты. Үздік шыққан спортшыларды сайыстың арнайы қонақтары, Олимпиада ойындарының чемпиондары Бақтияр Артаев пен Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Сапиев марапаттады.

img 20210523 wa0020

«Атыраудағы бокс федерациясы тың серпінмен жұмыс жасап, өңірдегі осы спорт түріне деген қызығушылықты оятады деп сенемін. Төрт жылда бір рет ұйымдастырылатын жарыс өте жоғары деңгейде өтіп жатыр, ұйымдастырушыларға ризашылығымды білдіремін» деді Серік Сапиев.

img 20210523 wa0021

Айта кету керек, 2017 жылғы ойындарда атыраулық боксшылар 1 күміс және 1 қола медальды қанағат тұтқан болатын.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button