АТЫРАУДА

«Рухани қазына-2021» фестивалінің Бас жүлдесі — Атырауда!

Атырау облыстық халық шығармашылығы орталығы дәстүрлі «Рухани қазына—2021» фестивалінде бас жүлдені иеленді.

Бұл іс-шара мәдениет және спорт министрілігінің ұйымдастыруымен биыл төртінші рет өткізілді.

Мәдениет және өнер саласы ұйымдары мен қызметкерлері арасында өткізілетін «Рухани қазына» фестивалінің басты мақсаттарының бірі – өзіндік ерекшелігі бар шығармашылық ұжымдар мен орындаушыларды қолдау.

Ұлттық және әлемдік мәдениет пен өнердің ең жақсы дәстүрлері мен жетістіктерін жаңғыртуды, дамытуды, насихаттауды көздейтін бұл фестиваль аясында арнайы конкурс негізінде әр сала мен бағыт бойынша ел үздіктері де анықталды.

Үміткерлер халықтың мәдени демалысы мен эстетикалық тәрбиесін, рухани және мәдени құндылықтармен алмасуын ұйымдастыру һәм шығармашылық қызметтің түрлі салаларындағы жетістіктер бойынша бағаланды.

«Үздік облыстық мәдени ойын-сауық кешені» аталымы бойынша бақ сынаған орталығымыз облыстық және республикалық кезеңдерден сүрінбей өтіп, жеңімпаз атанды.


Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button