АТЫРАУДАCOVID-19

Атырауда сотталғандар екпе алды

Атыраудағы тергеу изоляторында жазасын өтеуге шаруашылық қызметіне қалдырылған азаматтар ерікті түрде коронавирусқа қарсы екпе алды, деп хабарлайды ATPress.kz тілшісі.

Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі Департаментіне қарасты УГ-157/1 мекемесінің хабарлауынша, 10-нан астам сотталған мекемеде шаруашылық қызметіне қалдырылған. Олар – аспаз, аспаз көмекшісі, аула сыпырушы секілді қызметте жұмыс істейді.

  • – Екпені ерікті түрде алдым. Түрмеде отырсақ та, екпе алуға жағдай жасаған мекеме басшылығына алғыс айтамын. Екпе алғаннан кейін шәй ішіп, 30 минут дәрігер бақылауында болдым. Өзімді жақсы сезініп тұрмын, – дейді ұрлық бабы үшін сотталған Тілеген.

Енді 21 күннен кейін сотталғандар вакцинаның ІІ компонентін алады. Барлығы тәулік бойы дәрігер бақылауында болады.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button