АТЫРАУДА

Атыраудағы спорт басқармасына модель қыздар не үшін керек?

Атырау облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасына бойы 170 см-ден кем болмайтын келбетті, модель керек.

Былайша айтқанда, модельдей сұлу-сымбатты ұлттық киім киген арулар қызмет көрсетуі тиіс. Бұл басқарманын спорттық іс-шаралардың салтанатты ашылып және жабылуын ұйымдастыруға жариялаған тендер сипаттамасындағы көп талаптың бірі.

Жалпы құны шамамен 22 миллион теңгеге жарияланған тендерге қатысу үшін қазақ және орыс тілдерін жетік білетін дикторлармен қоса лэд-экрандар және басқа да қажетті техникалық құралдармен қамтамасыз етуіңіз керек. Сонымен қатар, сценарий жазып, оны басқармамен бекіту шарт. Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасынын басшысы Ринат Ибрагимов талаптардың ішіндегі «модель қыз қажет » деген ақпарат шындыққа жанаспайды дейді.

«Бұл фейк ақпарат. Онда модель қыз керек деп нақты айтылмаған. Тек қазақи, жүргізушілік қабілеті бар қыз керек делінген. Сондай-ақ, шараны толық безендіру жұмыстарын жауапкершілікке алады. Жалпы, биылғы жоспарда біздің өңірде ауқымды спорттық іс-шаралар ұйымдастырылады деп күтілуде», — дейді басқарма басшысы.

Бірақ, жарияланған конкурста барлығы тайға таңба басқандай анық көрініп тұр. 

«Каспианлайф»

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button