Атырауда тікелей эфир түсірген науқасты аурухана сотқа бермек

img 20210719 wa0041
Бізді әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Атырауда модульді жұқпалы аурулар ауруханасында емделуші Идрисова К. есімді азаматша әлеуметтік желіде жалған ақпарат таратуда.

Орын алған жағдаймен қалалық прокуратура және барлық жетекшілік ететін жауапты қызметтерге хабардар етілді.

Емделуші Идрисова К.А-ның анасы ішке басып кіріп, дәрігерлердің жұмысына кедергі келтіруде. Өзге емделушілердің мазасын алып, шу шығаруда. Аурухана дәрігерлері анасына емдік шаралары қабылданып жатқанын айтсада құлақ аспай, жұмыстарына кедергі келтіруде. Сонымен қатар, ҚР Бас санитариялық дәрігерінің бұйрығын бұзып, аурухана ішін видеоға түсірген. Осыған байланысты жалған ақпарат таратып оны жария еткені үшін №2 Атырау облыстық ауруханасының әкімшілігі істі сотқа беруге дайын.

№2 Атырау облыстық ауруханасының әкімшілігі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған