Қазақстанда

Бүгін Мемлекет басшысы коронавирусқа қарсы күрес бойынша кеңес өткізеді

 Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуал жөнінде жұмыс кеңесін өткізеді.

Жиынға Премьер-Министр, ведомстволардың басшылары, қалалар мен облыстардың әкімдері қатысады. Мемлекет басшысы коронавирус індетіне қарсы күрес жөніндегі шаралар туралы Үкіметтің есебін тыңдайды. Кеңес барысында өңірлердегі жалпы жағдайды жақсартуға және Қазақстан азаматтарының денсаулығын сақтауға бағытталған үйлесімді іс-қимыл жоспары қабылданбақ. Еске салсақ, бұған дейін 19 шілдеде Президент санитарлық-эпидемиологиялық ахуал жөнінде кеңес өткізетіндігі хабарланды.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button