АТЫРАУДА

Атырауда жазғы мектептер іске қосылмақ

26 мамыр мен 19 маусым аралығында республика бойынша жазғы мектептер жұмыс жасайды.

Яғни, оқушылар үшін дәстүрлі форматта қосымша сабақтар өткізілетін болады. Дегенмен, жазғы мектепке бару-бармау  — оқушылардың өз еркінде. Негізгі мақсат — онлайн оқу кезіндегі олқылықтардың орнын толтыру.

«Жазғы мектептерді ұйымдастырудың негізгі мақсаты ол жыл бойы біздің оқушыларымыздың кейбір білім олқылықтарын толықтару мақсатында, сонымен қатар мемлекеттік емтиханға дайындау, ҰБТ дайындау және тағы да  басқа оқу процесінде нығайтуға қажетті тақырыптарды қайталау мақсатында біз жазғы мектептерді ұйымдастырамыз. Қазіргі таңда ата-аналармен түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Ұстаздардың жүктемелері және сабақ кестелері анықталуда» деп нақтылады Атырау облыстық Білім беру басқармасы басшысының орынбасары Айнагүл Дүйсекенова.

11 мамырдан бастап 1-5 және 9-10-сыныптар оқудың аяқталуына екі апта қалғанда  офлайн форматқа көшті. Айнагүл Дүйсекенованың сөзінше, биыл соңғы қоңырау әдеттегідей 25 мамырда ашық аспан астында өткізіледі. Оған тек 9-11-сынып оқушылары қатысады. Ал, осы уақытқа дейін штаттық режимде оқытып келе жатқан білім беру мекемелерінде салтанатты шараны өткізу әлі қарастырылып жатқан көрінеді. Жалпы, қазіргі кезде Атырау облысындағы 197 орта мектепте 134 000-ға жуық оқушы білім алуда.

«Каспианлайф»

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button