АТЫРАУДАCOVID-19

COVID-19: Атырауда 40 мыңнан астам тұрғын вакцина алды

Өңірде халықты covid-19-ға қарсы жаппай вакцинациялау жалғасуда, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

11 мамырдағы дерек бойынша, «Спутник V» және «QAZVAC» вакциналарының I компонентін 973 жергілікті тұрғын алды. Оның ішінде 53 медицина қызметкері, 74 педагог, 4 полиция қызметкері, 10 студент, 1 жабық мекеме қызметкері, 19 құқық қорғау органдарының қызметкері, 23 мемлекеттік қызметкер, 2 созылмалы аурумен ауыратын адам, 787 жергілікті тұрғын бар.

2021 жылғы 1 ақпан мен 11 мамыр аралығында «Спутник V» және «QAZVAC» вакциналарының I компонентімен 40851 адам вакцинацияланды. II компонентпен 14256 адам егілді.

Естеріңізге сала кетейік, өңірде барлығы 36 стационарлық және 10 жылжымалы вакцинация пункті жұмыс істейді.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button