АТЫРАУДА

Атыраулық әйел заңсыз дәрі сатқан…

Атырауда 36 жастағы әйел трамадол дәрісінің 60 данасын заңсыз сатқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 12 мамырда 36 жастағы әйелдің 60 дана трамадол, 19 дана трапикамед дәрі-дәрмектерін заңсыз сатып жүргенін анықтаған.

«Қазір аталған әйелге қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 426-бабымен «Фармацевтикалық қызметтің және дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникалық айналысы саласының қағидаларын бұзу» дерегімен Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша департаментіне шешім қабылдау үшін іс-құжаттар жолданды» -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button