АТЫРАУДА

Атырау футзал командасы күміс жүлде иеленді!

Атырау футзал командасы ел чемпионатының күміс жүлдегері атанды.

Футзалдан 2020/2021 жылғы Қазақстан Республикасының чемпионаты мәресіне жетті.

Құрылғанына аз ғана уақыт болғанына қарамастан “Атырау” футзал командасы алғашқы жүлдені иеленді. Еліміздің ең мықты командаларымен бір қатарда ойнап, тек ақтық сында Алматылық “Қайрат” командасына жол берді.

Ел чемпионатындағы күміс жүлде арқылы командамыз чемпиондар лигасына жолдама еншіледі.


Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button