АТЫРАУДА

Атыраулық ҰОС ардагері жүз жасқа қараған шағында дүниеден озды…

Атыраудың абыз ақсақалы, ҰОС ардагері, Атырау облысының Құрметті азаматы Айдын Айбаров өміден өтті…

Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов марқұмның отбасы мен туыстарына қайғырып көңіл айтты.

«Бүгін Ұлы Отан соғысына қатысқан атырауымыздың жаужүрек ұлы — Айдын Айбаровқа уақыт болған суыт хабарын естіп, қабырғамыз қайысып отыр.

Барша елге, отбасы мен туған-туысқандарына көңіл айтамын.

Майдангердің жасы биыл жүзге қарап еді. Ғасыр жасаған ақсақал былтыр тың болатын. Өткенде ғана Жеңіс күнімен құттықтай барғанда, сәл сырқаттанып жатқан еді…

Айдын ақсақал от пен оқтың ортасынан оралған соң бар ғұмырын елдің дамуына арнады. Лауазымды қызметтер атқарып, жастарға үлгі-өнеге көрсетті.

Бар тілегі -Тәуелсіз елінің мәңгі болып, ұрпағының бейбіт өмір сүруі болатын.

Сіздің ерлігіңіз, өрлігіңіз, ғибратты ғұмырыңыз тарих болып жазылды. Ел жадында жаңғыра береді.

Бақұл болыңыз, халықтың ардақты ұлы» деп жазды ол.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button