АТЫРАУДА

Атыраулық азамат туған анасын соққыға жықты…

Атырауда ішімдікке салынған 46 жастағы тұрғын анасын ұрып-соққан.

9 мамыр күні «102» операторына егде жастағы әйелден өзінің баласы мас күйінде отбасылық жанжал шығарып, үйінің терезесін сындырып, соққыға жыққаны туралы хабарлама келіп түсті.

Ер адам ішімдік ішуін және егде жастағы анасымен жанжалдасуын қоймай, оған психологиялық және физикалық жәбір көрсеткен.

Учаскелік полиция инспекторы ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабы, 2-бөлігі (Ұрып соғу) бойынша әкімшілік хаттама толтырды. Мамандандырылған қалалық соттың шешімімен ер адам 10 тәулікке қамауға алынды.

  • Айта кету керек соңғы жылдары елімізде тұрмыстық заң бұзушылық мəселесе өзекті мəселеге айналып отыр.
    Атырау қалалық Полиция басқармасының жергілікті полиция қызметі бөлімінде Әйелдерді тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы полиция лейтенанты Нұргүл Қайырболатқызы әйелдерге қатысты жасалған құқықбұзушылықтардың алдын алып, жәбірленуші азаматшаларға ақпараттық, құқықтық және психологиялық көмек түрлерін көрсетеді.
    Егер сіз тұрмыстық зорлық- зомбылыққа ұшырасаңыз, не болмаса туысыңыздың, құрбыңыздың, көршіңіздің ұшырағанына куə болсаңыз «102» жүйесіне немесе зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі инспекторына 8778- 932-93-92 немесе 98-35-32 номерлеріне қоңырау шалып, көмек алуларыңызға болады – деді Атырау облысы полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиев.

Отбасындағы зорлық- зомбылық – сіздің өміріңізге ғана емес , жақындарыңыздыңда өміріне төніп тұрған қатер. Сондықтан зорлық – зомбылық фактісін жасырмаңыз жəне полицияға дереу хабарласыңыз.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button