Қазақстанда

Шымкентте ит өз иесін жеп қойды

Жаға ұстатар жайт Шымкенттегі үйлердің бірінде орын алған, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

5 мамырда жергілікті полицияға ер адамның мәйіті табылғаны жөнінде тұрғындардан хабарлама түскен.

Шымкенттік полиция департаментінің мәліметі бойынша оқиға орны жан-жақты тексерілген. Нәтижесінде, қайтыс болған азаматтың 1958 жылы туылғаны анықталды. Ол итімен бірге үйде жалғыз тұрған екен.

Алдын ала болжам бойынша ер адамның өлімінен кейін бірнеше күн өткен соң аш ит иесінің денесін жей бастаған. Марқұмның нақты неден көз жұмғаны әзірге белгісіз.

Аман ШАМАР

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button