АТЫРАУДА

Атыраулық азамат жүкті әйелін ұрып-соқты

15 мамыр күні Атырау қалалық Полиция басқармасының «102» жүйесіне  33 жастағы азаматша өзінің заңды некедегі  жолдасы мас күйінде тұрмыстық жанжал шығарып балағаттап, бопсалап,  соққыға жыққаны туралы хабарлады. Аталған азаматша жүктіліктің сегізінші айында болған, деп хабарлайды Depti.kz тілшісі.

Оқиға орнына дереу жеткен полиция қызметкерлері әйелін ұрып-соққан 1988 ж.т. ер азаматты ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабы 1-бөлігі (Құқық бұзушымен отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға былапыт сөйлеу, қорлап тиiсу, кемсiту, үй тұрмысындағы заттарды бүлдiру және олардың тыныштығын бұзу)  бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Айта кету керек соңғы жылдары елімізде тұрмыстық заң бұзушылық мəселесе өзекті мəселеге айналып отыр.
Атырау қалалық Полиция басқармасының жергілікті полиция қызметі бөлімінде Әйелдерді тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы полиция лейтенанты Нұргүл Қайырболатқызы әйелдерге қатысты жасалған құқықбұзушылықтардың алдын алып, жәбірленуші азаматшаларға ақпараттық, құқықтық және психологиялық көмек түрлерін көрсетеді.

Егер сіз тұрмыстық зорлық- зомбылыққа ұшырасаңыз, не болмаса туысыңыздың, құрбыңыздың, көршіңіздің ұшырағанына куə болсаңыз «102» жүйесіне немесе зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі инспекторына 8778- 932-93-92 немесе 98-35-32 номерлеріне қоңырау шалып, көмек алуларыңызға болады.

Отбасындағы зорлық- зомбылық – сіздің өміріңізге ғана емес , жақындарыңыздыңда өміріне төніп тұрған қатер. Сондықтан зорлық – зомбылық фактісін жасырмаңыз жəне полицияға дереу хабарласыңыз.

Мейірім ЕРДӘУЛЕТ,

Атырау облыстық ПД бөлім басшысы

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button