Атыраулық тұрғын тұмылдырықсыз итін балалардың ойын алаңында серуендеткен…

by Depti
0 views

Атырауда итін ​ тұмылдырықсыз серуендеткен тұрғын жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Depti.kz тілшісі облыстық полиция департаментіне сілтеп.

​ 1 сәуір күні ​ Сәтбаев көшесінің бойында ​ әйел адам  итін байлаусыз және тұмылдырықсыз серуендеткен. Сонымен қатар, жақын маңда балалар ойнайтын ойын алаңының жанында жүріп, өтіп бара жатқан адамдардың наразылығын ескермеген.

Осы аулада әкімшілік аумағында қызмет атқарып жүрген полиция қызметкерлері құқықбұзушыны дереу байқап, ​ ит иесіне қатысты ҚР ӘҚБК 408-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырды.

Айта кетейік, 2021 жыл басынан бері аталған бап бойынша 122 тұлға жауапкершілікке тартылды.

Полиция қызметкерлері  ит иелері жануарларды агрессивті болуы мүмкін болғандықтан, жағымсыз және қауіпті жағдайларды болдырмас үшін, өзгелерді алаңдатпай, оларды тұмылдырықта ұстап, қысқа байлаумен серуендету керектігін ескертеді.

You may also like

This material is not allowed for publication, broadcast, rewritten or redistributed. ©2021 PenciDesign. All rights reserved. Market data provided by Market.com. Powered and implemented by Web Design Solution. Legal Statement. News and Informations data provided by Example.Com