АТЫРАУДА

Атыраулық жүргізушілер жол тәртібін бұзудан тайынбай тұр…

Атырауда демалыс күндері 400-ден астам жүргізуші жауапкершілікке тартылды.

Атырау қаласының патрульдік полиция қызметкерлері жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында, демалыс күндері яғни, 25-27 маусым күндері аралығында 414 көлік жүргізушілерін әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Оның ішінде аса көңіл бөлінетіндерін атап өтетін болсақ:
-алкогольдік ішімдік ішкен масаң күйде көлік құралын басқарған-6 жүргізуші;
-жүргізуші құқығынан айырылған күйде көлік басқарған -2 жүргізуші;
-жолдың қарсы бағытына шыққан-2 жүргізуші;
-көлігіне лэд,
ксенон жарық шамын қондырған -18 жүргізуші,
-көлік құралының алдыңғы әйнектерін қараңғылатқан-15
жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Мысалы 27 маусым күні сағат 04:05 шамасында патрульдік полиция қызметкерлерімен Махамбет-Сатыбалдиев көше қиылысы тұсында » BMW” маркалы автокөлігі тоқтатылып, тексеріс кезінде 1987 ж.т., жүргізушісінен ішімдіктің иісі байқалған. Медициналық сараптаманың корытындысымен оның жеңіл дәрежедегі мас екендігі анықталып, аталған азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608 бабының 1 бөлігімен (жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқарғаны үшін)әкімшілік хаттама толтырылып, көлік жүргізушісі сот шешімімен 7 жылға жүргузуші құқығынан айырылып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Сонымен қатар, көлік құралы арнаулы тұраққа қойылды.

Одан басқа, 27 маусым күні сағат 12:00 шамасында Абай көшесі орналасқан Драма театр тұсында патрульдік полиция қызметкерлерімен маркасы «Mercedes» автокөлігі тоқтатылып , тексеріс кезінде жүргізушінің әкімшілік сот шешімімен көлік жүргізу құқығынан айырылғаны анықталып, оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 612 бабының 3 бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылып, 102 мың 095 теңге көлемінде айыппұл салынып, автокөлік арнаулы тұраққа қойылды.

Бұл бағыттағы жұмыстар патрульдік полиция қызметкерлерімен тұрақты негізде жүргізілуде.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button